«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Президент Жолдауындағы басымдықтардың жүзеге асырылу барысын көрді. Астана тв

Алматы облысы, Қарасай ауданында Мемлекет басшысының Жолдауы мен бағдарламаларында көрсетілген міндеттер дер кезінде орындалып, ел экономикасының дамуына серпін беріп келеді. Өңірге жұмыс сапарымен барған «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед осылай деді.