Облыстың өнер ұжымдары Астана төрінде бар өнерін паш етпек

Астанадағы Алматы облысының Мәдениет күндері аясында 11 шілдеде Астана қаласындағы «Қазақстан» концерт залында Сүйінбай атындағы облыстық филармониясы, “Талдықорған әуендері“ және «Құлансаз» фольклорлық-этнографиялық ансамбілінің әртістері өнер көрсететін болады.