Партия төрағасының бірінші орынбасары жастармен кездесуі Гуманитарлық техникалық колледж

Талдықорған қаласының белсенді жастары, жоғарғы және арнайы орта білім беру мекемелерінің білімгерлері, «Жас Отан» Жастар қанатының белсенді мүшелері, құқық қорғау органдарының жас қызметкерлерінің қатысуымен кездесу өтті. Бұл бас қосудың негізгі қонағы «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық маслихат депутаты Сарыбаев Ғалиасқар Төлендіұлы «Нұр Отан» партиясының «Байқуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» жаңа бағдарламасын таныстырды.