Ақпараттық талдау орталығының Наурыз мейрамы

Түбі бір түркі халқы ұлыстың ұлы күнін жаңару мен рухани жаңғырудың мерекесі деп санайды. 5 мың жылдық тарихы бар Наурыз мейрамын өңір журналистері де естен кетпейтіндей ерекше жөн-жоралғымен тойлады. Қазақы салт-дәстүрімізді дәріптеп, Наурыз көжеден тоя дәм татты. Дәстүрлі ән орындады. Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп. Мереке соңы... төртінші билік өкілдерінің... ұлттық спорт ойындары жарысымен аяқталды. Көктем мерекесі саналған жаңа жылды... облыстық ішкі саясат басқармасына қарасты ақпаратты талдау орталығы қызметкерлері атап өтті. Ұжым халыққа қалтқысыз қызмет етуден жалықпаған журналистер қауымын жинап, бір дастарханда бас қосты.