“Сәлем, мен - қазақстандықпын!“

“Мен - қазақстандықпын!“ атты патриоттық бейнеролик сәуірдің 13-і күні шығып, осы үш күннің ішінде оны 70 мыңға жуық адам тамашалаған, деп хабарлайды «Алаш айнасы» порталы. “Сәлем, мен - қазақстандықпын!“, - деп басталатын видеоның кіріспе сөзінде аталған материалдың халық бірлігін бұзғысы келетіндерге арналып отырғаны туралы айтылады. “Мен бұл роликті халқымның бірлігіне нұқсан келтіргісі келетіндерге арнаймын. Мен бұл роликті замандастарымның санасын улап, соған ақша салып жатқан шетелдік провокаторларға арнаймын“, - дейді диктордың дауысы. Екі минуттық бейнематариалда ашаршылық кезінде қазақ халқының қиын қыстау заманға қарамастан, өзге ұлт өкілдерін қабылдап, баспана бергені, Ұлы Отан соғысы кезінде әрбір оныншы оқтың қазақ жерінде құйылып, Рахымжан Қошқарбаевтың Рейхстагқа ту тіккені, Байқоңырдан адам баласының алғаш рет ғарышқа аттанғаны, сондай-ақ 90-жылдары көршілес мемлекеттерде толқулар болып жатқанда, Қазақстанның тұрақты даму жолына түскені туралы қысқа әрі нұқса түрде баяндалады. alashain