Бесжан - Көк түрікпін!!!

Көктүрікпін! Көк бөрісін пір тұтқан бөлтірікпін, Көк Тәңірге тәу етіп қол түріппін. Көк пен Жерді меншіктеп, Қаған болып, Азуымды көрсетіп от бүріктім! Көктүрікпін! Аруақтанып үстінде көк күліктің, Көк сүңгіні көтерсем көпті үгіттім. Абыз болып сөйлесем – кекті ұмыттым, Қобыз болып сөйлесем – көкті ұлыттым! Көктүрікпін! Көк Тәңірдің үнімен аяттанған, Көк бөрінің құтымен аяқтанған. Күлкісіне сәбидің құрбан болып, Қас дұшпанның қанымен тояттанған. Көктүрікпін! Ой сәулелі Күн сүйген басыңдағы, Күлтегіннің жырымын тасыңдағы. Тағылыммын тарихы терең тартқан, Тағдырыңмын көзіңнің жасындағы. Көктүрікпін! Дана туған даламның жарғысымын, Ақын рухты атамның ар құсымын. Азаттықты аңсаған Алаш ұлмын, Қаза тапқан құрбандар қарғысымын. Бөлтірікпін! Тегімді іздеп шыққанмын із ақтара, Көшпелі өмір жолында сызат қана. Кісінетіп күлігін Көктүріктер, Санамыздан жөңкіліп ұзап барад... Күн батады қып-қызыл мұңға тамып, Аңызымды аспанға тыңдатамын. Көкке қарап мезгілсіз ұз-а-а-қ ұлып, Тегін жоқтап Көкбөрі үн қатады: «Кө