«ЭКСПО-2017» аясында «Туған жер – тал бесігім» атты республикалық ақындар айтысы

8 сәуір күні Баласағұн ОКЗ-да Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «ЭКСПО-2017» аясында «Туған жер – тал бесігім» атты республикалық ақындар айтысы өтеді. Айтысқа елімізге танымал Айбек Қалиев, Мұхтар Ниязов, Анар Жаппарқұлова, Ботагөз Мұхитдинқызы, Рүстем Қайыртайұлы, Нұрлыбек Құрманов, Алтынкүл Қасымбекова, Күміскүл Қасымбекова, Әсет Дүйсебаев, Есет Досалы, Дидар Басығараев қатысады. Билеттер Баласағұн ОКЗ кассасында!!! Келіңіздер, көріңіздер!!!