Назарбаев туралы фильм түсірген шетелдік режиссерлер Азаттық тілшісінің сұрағына жауап бермеді

6 шілдеде Нұр-Сұлтанда америкалық белгілі режиссер, продюсер Оливер Стоунның Нұрсұлтан Назарбаев жайлы деректі фильміне арналған баспасөз жиыны өтті. Бірақ жиынның өтетіні жайлы анонс алдын ала таратылмады. Сол себепті оған тәуелсіз ақпарат құралдарының тілшілері қатыса алмады.