Алматыдағы митинг

Саясаткер Жанболат Мамай бастаған “Демократиялық партия“ құруды көздейтін топ өкілдері 13 қыркүйекте митинг өткізетінін хабарлаған. Олар несие амнистиясын жариялап, жердің шетелдіктерге сатылмауын талап етіп, саяси тұтқындарды босатуды сұрайды. Митингіге Қазақстанның бірнеше қаласында билік рұқсат берген. Азаттық астана мен Алматыдан тікелей эфир ұсынады.