«Жасымаймын!» «Мусор» сөзі үшін сотталған белсенді қоқыс жинап жүр

Белсенді Аслан Сагутдинов Батыс Қазақстан облысы Жаңатаң ауылында қоқыс жинап, сот шешімін орындап жүр. Орал полициясы оны «Мусорлар – Қазақстанның соры» деген сөзі үшін сотқа беріп, өткен айда сот белсендіні «Билік өкілін қорлады» деп таныған және 60 сағат түзеу жұмысына жеккен.