Бұрынғы күйеуінен зорлық көрген әйелдің мұңы

Ақтөбе тұрғыны Айнагүл Бекенованы бұрынғы күйеуі өлімші етіп сабап, бетін пышақпен тіліп тастаған. Қазір қол көтерген еркектің үстінен қылмыстыз іс қозғалған. Ал ауыр жарақаттанған Айнагүл әлі күнге үрей үстінде отыр. Зорлықтан кейінгі фотосуреті әлеуметтік желіде жарияланған соң, 21 күннен кейін ғана бұрынғы күйеуі қамауға алынған. Құқық қорғаушы тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткендерді қатаң жазалау керек деп санайды.