16 НАУРЫЗ - ШЕЖІРЕ КҮНІ
16 наурыз - Шежіре күні.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында Наурыз мейрамының тұжырымдамасын жаңаша әзірлеп, көктем мерекесінің мазмұнын байытуды тапсырды.
Наурыз мейрамының негізгі мақсаты - Қазақ жерінде бейбітшілік пен достықты нығайту, ұлттық бірегейлікті сақтау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру», - делінген.
Осыған орай, биылдан бастап, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Наурыз мерекесінің жаңа он күндік мерекелеу жоспар-бағдарламасы бекітіліп, 14-23 наурыз аралығында онлайн түрде аталып өтуде.
Нұрлан САҒЫНДЫҚ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетінің аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты:
Қазақ халқының ауыз әдебиетінде және жазбаша тарихында кездесетін «Шежіре» маңызды орын алады.
Шежіре - арабтың «шаджара», яғни «ағаш», «бұтақ» деген сөзінен туындап, кең ұғымға ие болған. Сол себептен болса керек, қазақ халқы адамды ағашқа теңеген. Адам сол ағаштың өткені