Дниежзілік балы шылар кніне орай сайыс

Атырау қаласында Дүниежүзілік балықшылар күніне орай балық аулаудан балықшылар арсында сайыс өтті. Байқаудың өтуіне Атырау қаласының жастар ресурстық орталығы және облыстық «Жас Отан» ЖҚ мұрындық болды. Бұл жолғы жарысқа Атырау қаласынан және аудандарынан балық аулауға деген қабілеті бар 16-29 жас аралығындағы азаматтар қатыса алды.Ереже бойынша жарыс екі күнге жалғасты.Бірінші күні сайыс қатысушыларына Су полициясының және құзырлы орган мамандары келіп, балық аулаудың қағидалары мен қауіпсіздік техникасы туралы түсіндірді.Ал сайыстың екінші күні таңның атысымен жас балықшылар Жайық өзенінің жағалауына жиналып, өздерінің сүйікті ісі, балық аулауға кірісіп кетті. Бұл күні ауа райыда қарасты. Өзен беті тымық болып тұрды.Сайыс барысында алғашқы балықты Әділов Досбол есімді жас балықшы қармағына салды. Жарыс кезенінде балықшылардың жемді дұрыс таңдап, балықты епті ұстау сапасына мән берілді. Жарыс соңында епті, әрі шапшаң балықшылар олжалы болды.Ұсталған балықтардың ішіндегі ең салмағы ауыры – Жеткінше