Видео от Маншук Ныкмукановой

Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы деген сөз тегіннен-тегін айтылмаса керек. Ата-анамыздан кейінгі бізге білім беріп, тәрбие үйреткен ұстазымыз Махамбет ағайды қанша жерден мақтан етсек те артық болмас. Химия қиын, ашиды миын деп, оқушылар химиядан алыстан қашса, біздің мектеп оқушылары керісінше, жылдан жылға химияға қызығып, ҰБТ-де төртінші пән етіп таңдауға асық... Әрине, оның бәрі ағайымыздың еңбекқорлығы мен химияны жетік түрде қызықтырып түсіндіргені деп білемін. Көп оқушы қызыға бермейтін Қиын пәнге қызықтырған Алтын Ағаймызға толағай табыс, зор денсаулық тілейміз. Шәкірттеріңіздің қызығын көріңіз Ағай!