«Мен қазақпын»

Бүгін облыс орталығы Тараз қаласына «Мен қазақпын» телевизиялық байқауының аудандық іріктеуінен өткен өнерпаздар келді. Естеріңізде болса, 14-19 мамыр аралығында Тараз қаласы мен 10 ауданда дәстүрлі өнердің ән, күй, терме жанрлары бойынша таңдау өткен болатын. Сыннан сүрінбей, 146 қатысушының арасынан, облыстық кезеңге 41 үміткер жолдама алды. Енді, бүгін, яғни, 13- маусым, сағат де сол қыз-жігіттердің қатысуымен, «Жеңіс» саябағында гала концерт өтеді. Ал, ертең, де Тараз қалалық мәдениет үйінде жеңімпаздар анықталып, Астанада біздің облыстың намысын кімдер қорғайтыны белгілі болады.