Мемлекет басшысының барша Қазақстан халқына арнайы үндеуі!

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев президент, үкiмет және парламент арасында өкiлеттiктердi қайта бөлу мақсатында Конституцияға өзгерiстер енгiзу мәселелерi бойынша Қазақстан азаматтарына үндеуiн жариялады. Президент өзiнiң бiрқатар өкiлеттiгiн билiктiң атқарушы және заң шығарушы тармақтарына беру бастамасын көтердi. Осыған орай заңға енетін өзгерістерді қоғам боп талқылауды ұсынды. Бұл елдегі демократиялық өрлеудің бетбұрыс кезеңі болмақ.