Фрагмент программы “Журналисткое расследование“ областного телевидения.

Жақында Атырау облыстық арнасы шетелден жұмыс күшін тарту тақырыбында журналистік зерттеу жүргізді. Бағдарламаға Назарбаев Зияткерлік мектебінің халықаралық мұғалімі Даниэль Нието де қатысты. Ол өзінің Қазақстандағы тәжірибесі туралы айтып берді. Жалпы зияткерлік мектептерге шетелдік мамандарды тартудың себебі неде? Олар еліміздің дамуына қандай үлес қосуда? Осы және өзге де сауалдарға директор орынбасары Светлана Исмағұлова тиянақты жауап берді.