Аралас жекпе-жектен ел чемпиондары анықталды

Алматыда Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығы және Қазақстанның ММА бірлескен федерациялары қауымдастығы қолдауымен ұйымдастырылған ел чемпионаты өз мәресіне жетті. 3 күнге созылған жарыстың финалдық жекпе-жектері бүгін өтті. 16 жұптың шайқасқа шығатыны жоспарланған. Алайда кей спортшылар жарақатына байланысты октагонға шықпады. Енді бір спортшыларға дәрігерлер рұқсат бермеді. Нәтижесінде 13 жұп спортшы финалдық кезеңде бақ сынады.