Адамзаттың ғарышқа ұшқанына 55 жыл

Бүгін адамзаттың тұңғыш ғарышқа ұшқанына 55 жыл. Бұл аралықта Юрий Гагарин салған ізбен аспан әлеміне талай ғарышкер сапар шекті. Тізімде ұлтымыздың үш ұланы бар. Талғат Мұсабаев, Тоқтар Әубәкіров және Айдын Айымбетов. Олардың әр сапарының берген пайдасы зор. Мәселен, елімізде жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі құрылды. Жоғары дәлдікті жерсеріктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымы іске қосылды. Қазір елордада ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің құрылысы басталды. Ал адамзат алғаш