ОНАЖАЙ АЗАСТАН

ТАҢҒАЖАЙЫП МЕКЕН Бұл қай қала екенін білесіз бе? 1. Бұл жер Африкадан кейін әлемде хром кенінің қоры бойынша екінші орын алады. 2. Осы облыстың аумағында 6 қала, 3 кент бар. 3. Оның ауданы Белоруссия елінен де асып түседі екен. 4. Бұл - Әлия Молдағұлова сынды жаужүрек батырды сыйлаған жер. 5. Солтүстігі Ресеймен, оңтүстігінде Өзбекстанмен шектеседі. 6. Айтпақшы, Қазақстандағы алғашқы планетарий ашылған жер. 7. Мұнда қарама-қарсы орналасқан мұсылман мешіті мен православтық шіркеуді кездестіруге болады. 8. Қазақстан Премьер-лигасында 5 мәрте жеңімпаз атанған футбол құрамасы да баршылық. 9. Шөлейтті аймақтың ауа райына қарамастан, Шығанақ Берсиев кезінде ұзақ жылдар бойы тарыдан мол өнім жинап, рекорд орнатқан елді-мекен. Ал, есіңізге түсті ме? Толығырақ «ҚОНАҚЖАЙ ҚАЗАҚСТАН» бағдарламасынан көріңіз.