42 500 теңгені кімдер алады?

Еліміздегі төтенше жағдай кезінде ақысыз еңбек демалысына кетуге мәжбүр болған жұмысшылар Үкімет тарапынан әлеуметтік жәрдемақы алады. Бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің осыған байланысты бұйрығы шығады. Әр ай сайын табысынан қағылған тұрғындарға 42 мың 500 теңге көлемінде қаржы беріледі. Аталған көмектен еліміздің 1,5 млн-ға жуық азаматы үмітті. Төтенше жағдайда үйінде отырған жұмысшыларға мұндай жәрдем “Кепілді әлеуметтік сақтандыру“ қорынан төленеді. Ал, қаржы алуға мүмкіндігі бар қызметкерлердің тізімін, карантин кезінде, өз жұмысшыларына еңбекақы төлей алмай отырған жұмыс беруші компаниялар жасайды. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!