Қос мегаполис карантинге жабылады

Бүгін түнгі 12-ден бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары толығымен карантинге жабылады. Бұл дегеніміз - қос мегаполис аумағында жүріп-тұруға қатаң шектеу қойылады. Қазірдің өзінде, барлық ойын-сауық орталықтары мен сауда орындары жабылған. Алдағы уақытта, тек азық-түлік дүкендері мен дәріханалар ғана өз жұмысын жалғастырады. Бұған дейін университет, колледж, мектеп оқушылары мерзімінен бұрын демалысқа жіберілген еді. Ал, күні кеше балабақшалар да толығымен жабылды. Мамандар мұндайда нендей кеңес береді? Карантин уақытында қалаға кіруге кімдерге рұқсат? #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!