Педофилдер трмеде шіруі ммкін

Педофилдерге кесілетін жаза қатаңдатылмақ. Енді 14 жасқа толмаған балаларды зорлаған қаскүнемдер кемі 20 жылға сотталады немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылады. Президент пәрменінен кейін Бас прокуратура тиісті заңға өзгерістер енгізіп, оны бүгін Мәжіліс депутаттарына таныстырды. Заң жобасын талқылау барысында депутаттар Тараздағы мектеп әжетханасында оқушы қыздың зорланғанына алаңдаушылық білдірді. Себебі, елімізде туалеті далада орналасқан 2300 мектептегі кез-келген бала осындай қауіпке тап болуы мүмкін. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан