Жеке деректерді желіге жіберген кім?

11 млн адамның жеке мәліметі соңғы президент сайлауының алдында желіге тарапты. Оған орталық сайлау комиссиясының қатысы бар. Кибершабуылдарға тойтарыс беру орталығы осындай мәлімдеме жасады. Комиссия серверін ешкім шабуылдамаған, мәліметтерді әлдекім қасақана таратқан деп отыр. Алайда, орталық сайлау комиссиясындағылар ондай жайттың болуы мүмкін емес дейді. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан