Баласын басынан таспен ұрған әкенің ісі созылып кетті

Алматыда өз баласын таспен ұрып, тал түбіне кілемге орап тастап кетті деген күдікке ілігіп, істі болып жатқан ер адамға қатысты тың деректер шықты. Бүгін тәуелсіз сарапшы бүлдіршіннің жарақаты тастың соққысынан емес, көлік қағудан болғанын дәлелдеп бақты. Өйткені, денесіндегі тыртық ұшып барып құлағанда алған жарақатқа ұқсайды дейді. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан