ҚАСЫМ ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБЫ ҚҰРЫЛДЫ

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістан облыстық қоғамдық штабы құрылды.Облыстық қоғамдық штабты бесінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болған, облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған Ұласбек Сәдібеков басқарады.«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалында өткен брифингте Ұласбек Сәдібекұлы штабтың алдағы жұмыстары мен құрамы жайында жан-жақты айтып өтті.