Бтырма зенінде бірнеше жарылыс жасалып, мз саталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма өзенінде бірнеше жарылыс жасалып, мұз ұсақталды , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір аумағында мұз жару жұмыстары жалғасуда. Бұл жолы жарылыс Катонқарағай ауданындағы Бұқтырма өзенінде жасалды. Жару жұмыстарын жергілікті атқарушы органдар, құтқарушылар және мамандандырылған ұйым қызметкерлері жүргізді. Аталған аудандағы Бұқтырма өзенінде мұз қалыңдығы 70 см құрайды. «Мұз кептелісі жағалаулардың маңында орналасқан ғимараттар мен үйлерді су басуына әкеліп соғуы мүмкін. Бұған жол бермеу үшін мұзды ұсақтау қажет. Облыс бойынша өзен-суларда жалпы ауданы 149 250 шаршы метр болатын аумақта мұз ұсақтау шаралары жүргізілді», - дейді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов. Айта кетейік, Шығыс Қазақстанда көктемгі су тасқынының өтуі әдетте наурыздың екінші онкүндігінен басталып, маусымның екінші онкүндігінің ортасына дейін созылады. Талғатжан Мұхаметбекұлы