ӨЛІМ ТУРАЛЫ. О СМЕРТИ. ДО СЛЕЗ

Жаратушы Алла адамзатты мәңгілік етпеді. Адамға өлшеулі өмір берді. Өлшеулі ғұмыр біткен соң, бұл пәниден о бақиға кету парыз. Өмірге келудегі мақсатымыз бір Аллаға құлшылық ету. Қамшының сабындай қысқа ғұмырымыз біз үшін сынақ. Бұл жалғанда мейлінше жақсылық жасап, сауапты амал ете білу керек. Тағдырымызға жазылған сағат сәті келгенде ешкім араша түсе алмайды, ғұмырын ұзартып ажалды кешіктіре алмайды, шыбын жанымыз кеудемізден шығады, оған күмән жоқ. Мәңгілік тек Аллаға тән. Құранда былай дейді: وَلِكُل