Абай - ұлтымыздың мақтанышы

Қазақтың маңдайына біткен дара тұлға - Абайдың есімі қаламыздың әр жерінде ұлықталып жатыр. Халқымыздың ұлы перзентінің қаламынан туған өлеңдерінің мән-мағынасы айшықталуда. Облыстық Сәбит Мұқанов атындағы кітапханаға жиылған қауым кемеңгер шығармашылығының терең мәнісі мен тәрбиелік маңызына шолу жасады.