Light House

Light House: жарқын болашаққа бірге! Қазақстандықтар конституция күнінде төрт күн демалды. Тек біздің құрылысшылар емес, өйткені олар көптеген отбасыларды қуанту үшін, тоқтаусыз еңбек етті. Егер Конституция күні құрылысшылар «Времена года. Лето» тұрғын үй кешенін тапсырса, Білім күнінде Light House-тың болашақ тұрғындары жаңа пәтерлеріне ие болды. Жоба жетекшісі Асқар Шайзин: — Light House екі блоктан тұрады, құрылыс 2017 ж. маусымында басталды, бүгін жоспарланған мерзімінен 1,5 ай бұрын тапсырудамыз. Сәулетшілер үйді алыстан көз тартатындай етіп жасады. Біз де оның құрылысын бар жан-тәнімізбен орындадық, енді тұрғындар ұқыптылықпен қарайды деп үміттенеміз! Келген қонақтар үшін мерекелік бағдарлама ұйымдастырылып, кең дастархан жайылды. Назгүл Шаяхметова, жаңа пәтер иесі: — BI Group өте сенімді компания. Light House өзінің орналасқан жерімен бірден көңілімізден шықты. Қайрат Нұртазин: — Бүгін менің немерем бірінші класқа барды және біз көптен күткен пәтерімізге ие болдық. Қазақстанда осындай сенімді компания