Кксерек

Фильм заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» әңгімесі желісімен түсірілген. Фильмдегі оқиға өткен ғасырдың басында болған. Фильмде әке-шешесінен айырылып, ағасының қолына көшкен жетім бала бөрінің бөлтірігін асырап, қолға үйреткісі келеді. Фильмде Құрмаштың көрген қиындықтары, оның ағасы Аханкұлдың қаталдығы, әжесінің мейірімі, Құрмашқа пана болған Хасеннің тағдыры айқын бейнеленген. Фильмнің бас кейіпкері Құрмаш қасқыр бөлтірігін асырап, оған «Көксерек» деп ат қояды. Бірақ өзі баққан Көксерек бөлтірігі баланы тістеп алады... Режиссері: Төлеміш Өкеев Басты рөлдерде: Қамбар Уалиев, Сүйменқұл Чоқморов, Әлиман Жанғорозова, Қарғынбай Сатаев, Нұржұман Ықтымбаев. Елі: Қазақстан Шыққан жылы: 1973