Ма шаа Алла

Алла Тағала Құранда: (Мұхаммед Ғ.С.) оларды тура жолға салу саған міндет емес. Бірақ Алла кімді қаласа, тура жолға салады. Ненде қайыр берсеңдер де сонда өздерің үшін; Алланың ризалығын тілеп қана берсеңдер, Алла жолында беретін қайыр өздеріңе толық төленеді әрі сендерге әділсіздік етілмейді. Сондай Алла жолында қамалып шықпай отырған, жер жүзінде жүре алмайтын, білмегендер, оларды абырой сақтағандықтарынан бай деп ойлайтын пақырларға беріңдер. Оларды бейнесінен-ақ танисың. Олар адамдарға жабысып сұрамайды. Сендер не қайыр берсеңдер расында Алла (Т.) оны біледі. Сондай малдарын күндіз-түні көмес және көрнеу Алла жолында жұмсағандар, сонда оларға Раббыларының сыйлықтары бар. Сондай-ақ оларға қорқу жоқ және әрі олар қайғырмайды. (Бақара сүресі аяттар.)