Ұлытау - Aдай (Құрманғазы)

Бүкіл әлемге белгілі «Адай» күйі туралы айтайық. Әрине, әуелі ұлы Ахаңа, академик Ахмет Жұбановқа жүгінеміз ғой. Ол былай дейді: «…Адай руы Исатай көтерілісінде көзге түскен болатын… Исатайға қосылған қолдың ішінде адайлықтар көп еді… Мұрағат деректеріне қарағанда, Адай округы Ұлы Октябрь революциясына шейін Түркістан генерал-губернаторлығының ерекше бақылауында болып, «Бөгде аймақ» («Полоса отчуждения») атанып келді. Ал осы аймақта үнемі толқу, наразылықтар болып келіп, оның аяғы… патшалыққа қарсы күрестермен ұштасты. Біздіңше, Құрманғазы Адай руы атын жалпыланған ұғымда алып, еркіндік сүйген елінің қайтпас күшіне арнап шығарған болуы керек» (А.Жұбанов «Ғасырлар пернесі», 1975 ж. 46 бет). Маңғыстаулықтардың ерлік істері тек Исатай көтерілісінде ғана көрініп қойған жоқ. Одан бұрын Сырым Датұлының көтерілісінде де көзге түсті. Нар тұлғалы адай батырларына (оның ішінде Зілғараға) арналған Абылдың «Нарату» күйі сол кезде шыққан еді (А.Сейдімбек «Қазақтың күй өнері», 2002 ж. 426 бет). 1870 жылы түбекте орыс саяса